Колл-центр(Тегін қоңырау шалу):
1408+7 (800) 080 18 90

Қажырлы еңбек жеңіске жетелейді

Қажырлы еңбек  жеңіске жетелейді

Кез келген салтанатты шара әйелдер қауымын көйлек тіктіріп, ателье жағалауға жетелейді.

«Даму» Қорының Атырау аймақтық филиалының қызметкерлері көктемгі мерекелер қарсаңында кәсіпкер Айгүл Қыдырованың тігін цехында да қонақта болып қайтты.

«Атырауға туыстарыма жиі келіп тұратынмын. Әпкемнің өтінішімен бір-екі адамға көйлек тігіп бергенім бар еді. Осы ісім «ұзынқұлақтың» арқасында алысқа кетіп, біраз ел естіп үлгеріпті. Ал бұл маған өз бизнесімді ашуға түрткі болды», - дейді Айгүл.

Бастапқыда Айгүл өз бетінше жұмыс істеді. Кейін тапсырыс көбейе бастағанда кәсіпқой мамандарды жұмысқа шақырып, тігін цехын ашты. Сонымен қатар италия маталарын сатып алуды бастады. Мықты команда, жұбайының қолдауы, мол тәжірибенің арқасында Айгүл қос қабатты ғимарат салуға қолы жетті. Бұл жерде Италия, ағылшын маталарын сатып алып, киім тігуге тапсырыс беруге болады.

Бұл салонның құрылысына кәсіпкер «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ арқылы «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 14 пайызбен несие алды. Несие сомасының 40%-ына мемлекет банк алдында кепілдік берді.
Қазір Айгүл Қыдырова киім тігіп қана қоймай, ине-жіпті енді ұстаған тігіншілерге күрделі және әсем модельдерді жасау құпиясын да үйретеді.

Мекен-жайы: Атырау қ. Бейбарыс даңғылы, 250

Байланыс тел.: 87014962051

инстаграмм: aigulkydyrova

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
198
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз