Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Бөлшек сауда шеберінің кеңесі

Бөлшек сауда шеберінің кеңесі

Жамбыл облысы Сарыкемер ауылындағы азық-түлік пен халық тұтынатын тауарлар сататын дүкен иесі Сламов Ерлан Ермекұлының бизнеспен айналысам деген ізбасарларына кеңесі:

  1.    Сапаға көңіл бөліңіз. Негізгі мақсат-азық-түлік пен халық тұтынатын тауарлар сату болғандықтан, тұтынушыларды жоғары сапалы және жаңа өнімдермен қамтамасыз етуге тырысамыз. Өйткені сатқан өнімдеріміздің сапасы клиенттеріміздің денсаулығына тікелей әсер етеді. Сапа - әсіресе тамақ өнімдерін сату кезінде маңызды. Мен кәсіпкерлерге сатататын тауардың сапасынан үнемдемеуге кеңес беремін. Клиенттердің сізден алыстамауы осыған байланысты.

  2.    Өз ісіңді жақсы көр. Өз бизнесімді бастаған соң, әрқашан адамдарға қуаныш сыйлағым келді. Өйткені бөлшек сауданың бұл түрі халықтың өмір салтының негізі болып саналады. Сондықтан біз тек сапаны таңдаймыз.

  3.    Кәсіпорын аясын кеңейтуден қорықпаңыз. Саудаға кіріскенімізге бар-жоғы 1,5 жыл болды. Осы уақыт ішінде өнім сату көрсеткішіміз едәуір артты. Біз өнім түрлерін артырып келеміз. Әрине, бәріне бірден қол жеткізу мүмкін емес. Қиындықтар да кедергілер де болады.

Бұл – «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қолдауға ие болған «Сламов Е.Е.» ЖК берген 3 кеңес. Кәсіпорын өнім түрлерін көбейту үшін «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы айналым қаражатын толықтыруға 9 млн теңге несиені 3 жылға алды. Сонымен қатар, инвестиция үшін 1 млн теңгені бес жыл мерзімге рәсімдеді (құрал–жабдықтар сатып алу және орнату). Даму Қоры несиеге кепіл болды.

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
1980
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз