Колл-центр(Тегін қоңырау шалу):
1408+7 (800) 080 18 90

Басымдық берілген жобаларды несиелеу механизмі бекітілді

Басымдық берілген жобаларды несиелеу механизмі бекітілді

Елбасының жолдауына сәйкес, ҚР үкіметінің 11.12.2018 жылғы №820 қаулысымен басымдық берілген жобаларды несиелеу механизмі бекітілді. Бұл механизм қолжетімді несие мәселесін шешу мақсатында ұзақ мерзімге, теңгелей несиелеуді қамтамасыз етуді көздейді. 

Механизм бойынша өңдеу өнеркәсібі мен агроөнеркәсіп кешені саласындағы ШОКС-ті қолдау мақсатындағы қаржыландыру 600 миллиард теңгеге дейін жетеді. 

Сырттан тартылған және банктердің өз қаражаты келесі бағыттағы басым жобаларға бірелуі тиіс. Олар: 

• Агроөнеркәсіп кешеніндегі қайта өңдеуге 100 миллиард теңгеге дейін;
• Агроөнеркәсіп кешеніндегі өндіріске 100 миллиард теңгеге дейін;
• Өңдеу өнеркәсібі мен қызмет көрсетуге 400 миллиард теңгеге дейін.

Кәсіпкерлердің қаржыландыруға қолжетімдігін қамтамасыз ету үшін мемлекет банк несиелерінің пайызын субсидиялайды. 

Агроөнеркәсіп кешені мен өңдеу өнеркәсібі және қызмет көрсету жобалары ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен «Даму» Қоры арқылы субсидияланады. 

Субсидияға деген 30 млрд теңге қаражат жаңа жобаларды қаржыландыруға арналған 2019 жылғы республика бюджетінен «БЖК 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойныша бөлінеді. 

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
10668
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз