Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Батыс Қазақстанда сұйық сабын өндірісі қолдау алды

Батыс Қазақстанда сұйық сабын өндірісі қолдау алды

Қазір көп адам қол сабынның сұйық түрін қолдануға көшкен. Құтыдағы сұйық сабын қолдануға ыңғайлы, арзанға түседі. Осы тауарға сұраныс артқанын байқаған кәсіпкерлер бұл бағытта іс бастаса ұтылмайтынын жақсы түсінеді.

2017 жылдың тамызында Батыс Қазақстандық кәсіпкер Белялова Анастасия «Cleanser» атты компания ашып, сұйық сабын шығара бастады. Бұл саланың табысты екенін ұққан соң «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы айналым қаражатын толықтыру үшін несие рәсімдеді. Одан бұрын компания жабдық сатып алуға несие алған болатын.

«Cleanser» ЖШС «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша жылына 6%-дық несие алды. Кепілзат жеткіліксіз болғандықтан «Даму» қорының кепілдігін пайдаланды.

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
3171
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз