Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Білімді жастар - ел болашағы

Білімді жастар - ел болашағы

Бүгінгі таңдағы басты басымдықтардың бірі - балалардың сапалы білім алуы. Орта білім беретін мектептермен қатар әр түрлі оқыту орталықтары да баланың дамуына үлкен үлес қосады. Бүгін біз сондай орталықтардың бірі жайлы әңгімелемекпіз.

Утебаева Алтыншаш Сансызбайқызы бакалавриат пен магистратураны «Шет тілі» мамандығы бойынша бітірді. 15 жыл бойы Орал қаласындағы маңдайалды университеттердің бірінде мұғалім болып жұмыс істеді.

Жеке бизнеспен айналысуға бел буған соң қаржы жинап, 2017 жылдың шілдесінде, «Интеллект» оқу орталығы үшін жылжымайтын мүлік сатып алды. Онда Алтыншаш неміс және ағылшын тілдерінен сабақ береді, сонымен қатар мектеп оқушылары мен студенттерді дайындауға арналған әртүрлі білім беру бағдарламаларын жүргізеді.

2019 жылдың басында Алтыншаш өзінің орталығының аумағын кеңейтуді қалап, жаңа үй-жай сатып алуға несие керек болғанда кеңес алу үшін «Даму» қорына жүгінді. Кәсіпкерге Қор менеджерлері «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына қатысуға ұсыныс жасады.

Биыл наурыз айында «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы кәсіпкер 13,5%-бен несие алды. «Даму» қоры «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша сыйақы мөлшерлемесінің 40%-ын субсидиялайды.

Жаңа орталық 31 тамызда ашылды. Бүгінде Алтыншаш 400 оқушы, 24 топқа арналған өз оқу орталығын басқарады.

Алтыншаштың ерекше мақтанатыны - орталық оқушыларының әртүрлі олимпиада жеңімпазы болып, Қазақстанның және шет елдің үздік оқу орындарына түсуі.

Кәсіпкерден лайфхактар:

  • Идеяларыңызды жазып жүріңіз. Әрқашан қолыңызда қаламыңыз бен дәптеріңіз болсын. Ол идеяларыңызды жылдам түртіп алуға мүмкіндік береді.
  • Уақытты қадірлеңіз. Істейтін ісіңізді аяқтайтын уақыт белгілеп қойыңыз. Шаруаны толық орындаудың нақты мерзімі болсын.
  • Тіл табыса біліңіз. Әр істе икемді болуды үйреніңіз.

Мекенжайы: ҚР, БҚО, Орал, Зашаған ауданы, Көктем ы/а, М.Мөңкеұлы көшесі, 85/4 үй. 3

Контакты: 8-777-299-35-78 Страница в Инстаграм: @intellect_utals

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
1030
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз