Колл-центр(Тегін қоңырау шалу):
1408+7 (800) 080 18 90

Бізбен бірге жүріңіз

Бізбен бірге жүріңіз

Өмірінде сапарға шығып көрмеген адам жоқ шығар. Көпшілік құмы ыстық, суы жылы, аспаны ашық, бұрын көрмеген алыс ел мен таңсық дәмі бар жерді армандайды. Бұл ойды жүзеге асыруға бірінші кезекте турист агенттіктері көмектеседі. Тура рейстер мен ыңғайлы тұрғын үй табу, брондау, құжат реттеп, жүрер жол, барар жердің бағытын жоспарлап, қыдыруда оларсыз іс бітпейді.

Виктория Никляус отбасымен бірге түрлі елдерге сапарлап оралған сайын жұрт көңілінен шығатын жеке агенттік ашуды ойлайтын. 2019 жылы осы салада білім жетілдіріп, «Поехали с нами» атты турист фирмалар желісінің франшизасын сатып алды. Петропавлдағы бірінші кеңсені алдымен жалға алынған ғимаратта ашқан. Жұмыс дұрыс жолға қойылып, тұрақты тұтынушылар саны артқан кезде жекеменшік кеңсе сатып алуға шешім қабылдады.

Виктория бұл ойын «Сбербанк» АҚ ЕБ «Еңбек» бағдарламасы бойынша берген несиесі арқылы жүзеге асырды. 6%-дық несие алуға қолдау көрсеткен «Даму» Қоры банк алдында кепілдік берді.

Адрес: г. Петропавловск, ул. К.Сутюшева, 23.

Эл.адрес: v.niklyaus@poehalisnami.kz

Instagram: poehali_petro

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
62
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз
Оған қоса мыналарды да қараңыз