Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Бизнесімнің көркеюіне мемлекет көмектесті

Бизнесімнің көркеюіне мемлекет көмектесті

«BABY brilliant» ЖШС 2017 жылы жас кәсіпкер Есіркеп Гаухар Талғатқызы тіркеді. 25 жастағы Гаухардың екі балабақшасы бар.

Кезінде балабақшалардың бірінде медициналық қызметкер болып жұмыс істеген Гаухарға өз балабақшасын ашу идеясы келген. Қалалық білім басқармасы ұйымдастырған «Ашық есік күні» шарасына қатысып, балабақша ашуға қажет құжаттарды жинау жұмыстарын бастады.

Қазір мектепке дейінгі жастағы 60 бала орналасқан үй-жайды кәсіпкер 2018 жылы сатып алған. Орталықта қажетті жабдықтар, білікті қызметкерлер бар. Бар бала қосымша сабақтарға қатысады: шахмат ойындары, ағылшын тілі сабақтары, робототехника, бұйымдарды өз қолымен жасайды, сондай-ақ орталықта бақылау камералары орнатылған. Гауһар бизнесін осымен тоқтатпай, кеңейтуді шешті.

Тағы бір жеке үй-жай сатып алу үшін компания басшысы «АТФ Банк» АҚ-на несие алу үшін жүгінді. Барлық қажетті құжаттарды ұсына отырып, компания инвестиция үшін жылына 14%-бен қарыз алды. Оның 40%-ын мемлекет «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидиялайды. Ал қалғанын кәсіпкер төлейді. «Даму» Қоры қарыз сомасының 33%-ына кепілдік берді.

Жаңа балабақша да 60 балаға арналған. Бес рет тамақтану, ойындар мен сабақтар өткізу, серуендеу, күндізгі ұйқы және еркін уақытпен қамтамасыз етеді. 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

 

Кәсіпкерден 3 лайфхак:

1)   Әмбебап болыңыз. Өз бизнесіңізді қалыптастыру оңай емес. Сондықтан сіз әмбебап жұмысшы болуға үйреніңіз. Өйткені бастапқыда бір емес бірнеше жұмыс істеуге тура келеді, бұған дайын болыңыз;

2)   Жақсы команда жинаңыз. Жеке бизнесіңіздің сәттілік факторы - сізбен бірге жұмыс істейтін команда. Сынаудан қорықпайтын, ерекше ойлайтын және сәттілік үшін күресуге дайын мамандарды таңдаңыз;

3)   Ұнайтын іспен айналысыңыз. Бизнесіңіздің табыс сыры - сізге ұнауында. Ешқашан өзіңізге ұнамайтын кәсіппен айналыспаңыз. Сіздің бизнесіңіз ауыр жұмыс емес, сіз үшін рахаттанатын сәттер болуы керек.

 

 

Байланыс деректері

Мекен-жайы: Нұр-сұлтан қ., Қабанбай батыр көшесі 42; 87172996160 <calina244@mail.ru> instagram: sadik_baby_brilliant

 

 

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
1752
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз