Колл-центр(Тегін қоңырау шалу):
1408+7 (800) 080 18 90

CLUB100 дүкенінде әлемге әйгілі бренд аяқ киімдері

CLUB100 дүкенінде әлемге әйгілі бренд аяқ киімдері

Алматыда әлемдегі ең озық бренд аяқ киімдерін сататын дүкен бар. 1997 жылы құрылған компания Қостанай қаласында аса танымал емес WBL брендті кроссовкалар сатудан басталды. Ал 2014 жылы Алматыда спорттық бренд аяқ киім сататын алғашқы дүкендердің бірі ашылды.

Кроссовка таңдайтын жандар оның әмбебап болғанын қалайды. Яғни спорт залға киіп барып, далада жүгіргенде де киіп, қалада серуен кезінде де ыңғайлы болғаны дұрыс деп есептейді. CLUB100 дүкенінде сатушылар клиенттерге Nike, Jordan, Adidas, Asics, Reebok, Puma, Vans және басқа да сауда белгісінің аяқ киімдерін қолайлы бағада халыққа ұсына отырып, оның құрамы, жасалу тарихы мен бренд тарихынан да хабардар етеді.

«CLUB100-тің мақсаты – халыққа әлемдік брендтердің соңғы үлгілерінен сәнді және стильді киім мен аяқ киімді кең ауқымда және бренд бағасымен ұсыну. Бізден бір рет киім сатып алған адамның қайта оралатынына қуанамыз. Бұл біздің дұрыс жолда екенімізді білдіреді және клиент үшін өте пайдалы. Үнемі өнім желісі жаңа бренд, өнімдермен толықтырылып отырады. Клиенттер бізді дамуға және әрқашан жаңа дүние іздеуге итермелейді», - дейді компанияның негізін қалаушы Гүлмира Айтқұлқызы.

Қазір сөреде апта сайын жаңарып отыратын 300-ден астам үлгі бар. Клиенттердің 85%-ы қайта оралады.

«Даму» қорының қолдауының арқасында «CLUB 100» аяқ-киім дүкені 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында айналым қаражатын толықтыруға 6%-дық несиені «Forte Bank» АҚ арқылы алды.
Байланыс: Алматы қ., Абай даңғ., 44 үй, «Promenade» сауда үйі.

Телефон: +7 (701) 911 33 10, +7 (727) 345 40 22

E-mail: info@club100.kz

Сайт: www.club100.kz

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
293
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз
Оған қоса мыналарды да қараңыз

Ұқсас жаңалықтар табылмады.