Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

«Даму» Қоры әлемдік деңгейдегі «Aya by DK» атты отандық киім брэндін қолдады

«Даму» Қоры әлемдік деңгейдегі «Aya by DK» атты отандық киім брэндін қолдады

Оңтүстік Астанада Лос-Анжелестің бір бөлшегі пайда болды. «Aya by DK» - америкалық дизайнер Dina Kabdolla киімінің эксклюзив бренді. Бұл брендтің негізін біздің отандасымыз Дина Қабдолла қалаған. Динаның киімдерін америка жұлдыздары өте жақсы көреді. Paris Hilton, Bebe Rexha, Rachel Platten және Billie Eilish әншілері, «Қара пантера» фильмінің жұлдызы Sydelle Noel тұрақты тұтынушылары.

Динаны отбасы мен анасы Валентина Тоқсанбайқызы қолдап келеді. Олар дизайнерді Алматыда «Aya by DK»–нің ашылуына итермеледі. Қазір киімдер Шоу рум мен әлеуметтік желі арқылы табысты сатылуда. 2018 жылы 12 сәуірде Алматыда «Алма» ТК ғимаратында «Aya by DK» Шоу румы ашылды.

Бүгін біз Дина ұстанатын негізгі 3 қағидатты (Лайфхак) ұсынамыз:

-    Бизнестегі табыстың маңызды факторы – Алға ұмтылу мен табандылық. Дина Нью-Йоркте жұмыс істеп жүрген кезде жеке киім желісін шығаратын бір әйел байқап, істес болуға шақырды. Алайда, екі дизайнердің көзқарасы екі түрлі болып шығып, бастары бі қазанға сыймады. Бұл жағдайдан соң Дина 24 жасында өз киім желісін құруға ұмтылып, алғашқы коллекциясын сәтті шығарды.

-   Бизнесті жүргізу кезіндегі ең басты мақсат – Маман ретінде қалыптасу, өсу. Шоу руммен қатар, кәсіпкер Алматыдағы Forum Almaty және Grand Park сауда-ойын-сауық кешендерінде, Ақтөбе қаласында да бутик жалдап отыр.

Дизайнер өз ісінің болашағы зор екеніне сенімді. Қазақстандық тұтынушыларды қолжетімді бағамен сапалы, сәнді дизайнерлік киіммен қамтамасыз ету, Қазақстан мен АҚШ аумағында өз брендінің танымалдылығын арттыру, біздің еліміздің сән тарихын ілгерілету, Қазақстанның сән және стиль саласындағы имиджін арттыруды мақсат еткен.

 

«Биманова» ЖК "Қарапайым экономика" бағдарламасы аясындағы несиені субсидиялау тетігі аясында өз коммерциялық үй-жай сатып алу үшін жеңілдетілген қаражат алды. Компания Нұрбанк АҚ арқылы алған несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялай алды.

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
1682
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз