Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Дені саудың - жаны сау

Дені саудың - жаны сау

Шымкентте соңғы үлгідегі фитнес-клуб ашылды. 

World Class Shymkent - бірегей дизайны бар және ыңғайлы жаттығу үшін барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілген фитнес клуб. Клуб ТМД-дағы ең танымал және кең таралған фитнес-клубтар желісі - World Class желісіне кіреді.

Кәсіпкер Жұмахан Әбжанов Ресейдегі осы фитнес-клуб желісін көріп, Шымкент қаласында да ашуға шешім қабылдады. Идеясын жүзеге асыру үшін «Даму» Қорына жеңіл несие алу үшін келді.

Халық Банк «Фитнес-орталық құрылысы» жобасын қарастырып, 14 пайызбен қаржыландыру туралы шешім қабылдады. Оның 7 пайызын «Даму» Қоры субсидиялайды.

Мәскеудің үздік техника мамандары әзірлеген World Class Shymkent Тесһnоgум брендінің жаңа премиум фитнес-құралдарымен жабдықталған. Кең панорамалы әйнектелген тренажер залы, жауынгерлік өнер аймағы, су тазартатын инновациялық жүйесі бар 25 метрлік бассейн және жайлы джакузилі панорамалы аквааймақ, фитнес-бар, Сyсle студиясы бар.

2018 жылдың соңынан бастап фитнес-клуб келушілерге есік ашып, толыққанды жұмыс істей бастады.

«World Class Shymkent» фитнес-клубы туралы толық ақпаратты www.wclass-shymkent.kz сайты арқылы алуға болады.


Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
131
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз