Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

«Еңбек» бағдарламасы бойынша «Көкше-оптика» ашылды

«Еңбек» бағдарламасы бойынша «Көкше-оптика»  ашылды

«Қазір көп адам көзілдірік пен линзаға байланған. Компьютер ғасырында нашар көру - ең жиі кездесетін проблемалардың бірі.  Көз нашар көргенде киетін көзілдіріктермен қатар, күннен қорғайтын көзілдіріктер де сәнде. Ал сәнқойлар линзаның көмегімен көз түсін оңай өзгерте алады»

Бұл - көкшетаулық кәсіпкер Джаналина Ырсалдының пікірі. Ол 2001 жылдан бастап дайын көзілдіріктерді, линза және аксессуарларды сатумен айналысады. Сонымен қатар, офтальмолог дәрігердің рецепті бойынша өз бетінше көзілдірік жасап, жинайды.

Кәсіпкер Көкшетау қаласының түрлі сауда үйлерінен 17 жылдан бері  бөлме жалдап келген.  2018 жылдың көктемінде Ырсалды Елемесқызы оптика салонын ашу үшін коммерциялық жай сатып алмақ болды.  Бұған өз қаражаты жеткіліксіз еді.

«Джаналина» ЖК «Даму» Қорының қолдауымен «Нұрбанк» АҚ арқылы «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында жылына 6%-дан аспайтын мөлшерлемемен несие алды. «Даму» қоры кепілдік  ұсынды.

2018 жылдың тамыз айында  «Көкше оптика» салоны келушілерге есік ашты.

Оптика салонында дайын көзілдірік, линза, көзді компьютерден, күннен қорғайтын көзілдіріктер, күтім жасау құралдары, аксессуарлар бар. Осы жерде офтальмологтан кеңес алып, көздің көру қабілетін тексеріп, түзету құралдары мен ілеспе материалдарды таңдауға  мүмкіндік бар.

Біз «Көкше оптика» салонына сәттілік тілейміз!

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
2635
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз