Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Елордада мемлекеттің қолдауымен автожуу орталығы ашылды

Елордада мемлекеттің қолдауымен автожуу орталығы ашылды

Елордада мемлекеттік қолдаудың арқасында заманауи технологиялар бойынша өзіне-өзі қызмет көрсететін автожуу орталығы ашылды. «Bolid» компаниясы – көлік жуатын құралдар орнатылған көп қабатты тұрақтарды жобалау, салу және іске қосуды жүзеге асыратын, табысты дамып келе жатқан компания.

Кәсіпкерге мұндай компания ашу - Мәскеуде өткен көрмеде келген.

- «Шын мәнінде, менің Мәскеуден алып келген бұл идеяма нарықтың өзі түрткі болды. Жыл сайын көлік саны артып келеді. Халық жұмысбасты, әрі ақшаны босқа шашпауды да үйренді», - дейді компания басшысы Халықов Ерлан Кәрімұлы.

Заманауи технологиялардың арқасында бұл идея теңдесіз болып шықты. Күн өткен сайын дамып келе жатқан нарыққа сұранысқа сай қызмет пен өнім беру – өмір талабы. Кәсіпкер алдымен осындай бір орталық ашып, кейіннен оны желіге айналдыруға бел буды. Бүгінде Қарағанды қаласында осындай екі нысан, Нұр-Сұлтанда біреуі бар.

Жобаны Банк «Қазақстан Халық банкі» АҚ инвестициялық мақсатта 5 жылға, 14%-бен қаржыландырды. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлеменің 40%-ы субсидияланды. Қаражат құрылыс-монтаж жұмыстарына, металл бөліктерін дайындауға, автожуу жабдықтарын сатып алуға, электр желілерін жүргізуге, құбырды жүргізуге және т. б шаруаларға жұмсалды.

Өзіне-өзі қызмет көрсететін қос қабатты жабық паркингтегі автожуу орнында 6 бекет бар. Жеке су беру автоматтары орнатылған. Жабдықты бельгиялық «DIBO» компаниясы жеткізді.

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
3432
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз