Колл-центр(Тегін қоңырау шалу):
1408+7 (800) 080 18 90

Елордада онкологиялық ауруларды емдеуге арналған «ONCOLIFE» медицина орталығы ашылды

Елордада онкологиялық ауруларды емдеуге арналған «ONCOLIFE» медицина орталығы ашылды

«ONCOLIFE» - онкологиялық кеселге шалдыққан жандарға кеңес беретін медицина орталығы. Алдымен «Бурундучки» мектепке дейінгі тәрбиелеу орталығы» ЖШС болып құрылған компания үшін бұл – жаңа бағыт болды.

Компания құрылтайшысы Орынбаева Әсем Маратқызы неге дәл осы салада бизнес ашуға шешім қабылдағанын айтып берді.

«Идеяны жүзеге асыруға 2013 жылы кірістім. Біздің денсаулық сақтау саласында онкологиялық аурулар әлеуметтік маңызды болып саналады және барлық диагностика мен емдеу тегін. Дегенмен, онкологиялық орталықтарға тіркелушілер саны көп болып, дәрігерлердің әр пациентке жіті көңіл бөлуге мүмкіндігі бола бермейтін жағдайлар да бар. Онколог үшін қолайлы жағдай жасап, пациентпен дұрыс қарым-қатынас құру мақсатында «ONCOLIFE» медициналық орталығын ашпақ болдым. Жұбайым екеуміз де тәжірибелі онколог дәрігерміз. Яғни өз пациенттеріміздің қажеттілігін ескере отырып, осындай қадамға бекідім», - дейді Әсем Маратқызы.

Орталыққа онкологиялық және басқа да ауыр кесел жабысқан адамдар келеді. Оларға көрсетілетін қызметтер:

·        Көшпелі бригада (алғашқы медициналық-санитариялық көмек, дәрігерге дейінгі және білікті көмек);

·        Медицина қызметкерлеріне арналған 10-14 күндік оқу;

·        Пациенттер психологиялық көмек және олардың туыстарына арналған науқасты күту негіздерін 2 күн ішінде оқыту;

·        Күндізгі стационар;

·        Консультация-диагностикалық көмек.

Бізде онкология пациенттері мен туған-туыстары психо-әлеуметтік көмек, оны үйлестіру, дұрыс тамақтану секілді мәселелерде ақпарат жеткіліксіздігін үнемі айтады. Компания басшылығы Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан қолдау күткенімен, жобаны іске асыру барысы тым ұзаққа созылып, олар өз күштерімен медициналық орталық ашуға кірісті.


Медицина орталығы үшін ғимарат сатып алу мақсатында компания бірінші кезекте «Даму» Қорына бизнес үшін мемлекеттік қолдау алу үшін жүгінді. Компания басшысы «Банк Центр Кредит» АҚ арқылы 13,5%-бен несие алып, оның 40%-ын «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидиялады. Ал айырмашылықты кәсіпкер төлейді. Сондай-ақ «Бизнестегі арулар» бағдарламасы бойынша да қаржыландырылды.

 

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
808
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз