Колл-центр(Тегін қоңырау шалу):
1408+7 (800) 080 18 90

Етті баптай білу де өнер

Етті баптай білу де өнер

Қостанайда «Мясоед» деп аталатын дәмхана қожайыны Дәулет Рахымбаев пен оның командасы ет баптаудың шебері деген атауға лайық. Дәулеттің табыс жолы 2017 жылы кәуап пісіретін шағын орын ашқан кезден басталады. Ол жеде бірнеше үстел ғана бар. Ал кісі аяғы басылмайтын. Көбі көкке шығарда кәуап алу үшін келетін. Кейіннен Дәулет осы сұраныстың арқасында үйге кәуап жеткізіп беру қызметін ашты. 2019 жылдың көктемінде Дәулеттің оқыс оқиға болды. Бүкіл қала дәмшана шатырында шыққан өртке куә болды...

Дәулет, дәмхананы бір апта ішінде қайта қалпына келтірді. Өйткені компания өз тұтынушыларын бал татыған кәуапсыз қалдыра алмайтын еді. Бұл қиындық та артта қалды. Есесіне қазір «Мясоед» келушілерді әр түрлі тағамы қайысқан (тек ет қана емес), кең де әсем жаңа ғимаратта қарсы алады.

Компания басшысы қиын күндерде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының аясынд,а «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы, жаңа орын ашуға арналған құрал-жабдық сатып алу үшін 6%-дық несие алды. Ал «Даму» қоры кепілдік жетпеген 6 000 000 теңгеге кепілдік берді. Айтпақшы, бір сағат ішінде үйге кәуап жеткізу жеткізу қызметі қазір мол сұранысқа ие.

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
358
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз
Оған қоса мыналарды да қараңыз

Ұқсас жаңалықтар табылмады.