Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Грант байқауына шақырамыз

Грант байқауына шақырамыз

Конкурсты ұйымдастырушы: Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы;

Орналасқан жері: Тараз қаласы, Төле би даңғылы, №35, 4 қабат, каб. 407;

Пошталық мекен-жайы: 080012;

Электрондық пошта мекен-жайы: dkb.otdel@mail.ru, akim_dpp@mail.ru,;

Байланыс телефоны: 8/7262/ 43-88-95, 43-89-09.

Конкурс нысанасы: ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру.

Конкурс нысаны: ашық конкурс.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім берілетін жер: Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімдері.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжайға өзі, пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша конкурстық өтінім мен толық құжаттама пакетін береді.

      Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2019 ж. «04» мамыр бастап 2019 ж. «17» мамыр аралығында, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін (жергілікті уақытпен).

Өтінімдерді беру басталатын күні мен уақыты: 2019 ж. «04» мамыр сағат 9.00 (жергілікті уақытпен).

Өтінімдерді беру аяқталатын күні мен уақыты: 2019 ж. «17» мамыр сағат 17.30 (жергілікті уақытпен).

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды. Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен www.dppzhambyl.gov.kz сайтында танысуға болады.


Өтінім

 

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
1514
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз