Колл-центр(Тегін қоңырау шалу):
1408+7 (800) 080 18 90

Гранттан екі жүзінші кепілдікке дейін

Гранттан екі жүзінші кепілдікке дейін

Павлодар облысында қараша айының ортасында өңірдегі екі жүзінші кепілдік шартына қол қойылды. Шарт иесі «Макет Мастер Казахстан» ЖШС.

2013 жылы құрылған «Макет мастер Казахстан» ЖШС кең форматты принтерде, пленкада басып шығару, түрлі стендтер, маңдайшалар, макеттер, көрме жабдықтарын жасау, сондай-ақ сыртқы жарнаманың барлық түрлерін жасау секілді дизайн жұмыстарымен айналысады. Компания қызметін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясындағы гранттан бастаған.

Компания жекеменшік цех салу үшін «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Қазақстан Халық банкі» АҚ арқылы 14,25%-дық несие алды. Оның 40%-ын мемлекет субсидиялайды. Сондай-ақ, Қордың кепілдігін де пайдаланды.

Қол қойылған бұл кепілдік шарты Павлодар облысы бойынша екі жүзінші келісім-шарт болды. Компания басшысы Асылхан Әбутәліпұлы Жүсіпов «Даму» Қоры арқылы мемлекеттен қолдау алудың маңызын атап өтті.

«Енді мемлекеттік бағдарламаның көмегімен біз өз өндірістік цехымызды ашамыз. Жекеменшік ғимаратқа ие болу - біздің компания үшін өте маңызды қадам», - дейді кәсіпкер.

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
327
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз