Колл-центр(Тегін қоңырау шалу):
1408+7 (800) 080 18 90

Іскер әйелдің әсем бизнесі

Іскер әйелдің әсем бизнесі

Рудныйлық Ислана Есмағамбетова қатардағы шеберден сұлулық салонының иесіне дейінгі жолдан өткен кәсіпкер.

Өз бизнесін ашу идеясы Ислананы мазалағанына көп болған. Әсіресе сұлулық индустриясына қызығатын. Әмбебап шаштараз мамандығын игерген соң өзін осы бағытта дамыта бастады. Қалтасы жұқалау болды. Өз салонын ашуға бұл кедергі еді. Кейіннен тәжірибе жинап, жеке бизнес жайлы ойға нық бекіген кезде банктен несие алуға тәуекел етпек болды.

Алдымен Ислана «Даму» қорына келіп, іс бастаушы кәсіпкерлерге мемлекеттен қандай қолдау бар екенін білді. Қор менеджерлері «Еңбек» бағдарламасы бойынша 6%-бен жеңіл несие алуға болатынын айтып, талаптарын түсіндіріп берді. Ол құжат жинап, «Нұрбанк» арқылы коммерциялық үй-жай сатып алуға 6 миллион теңге несие алды. «Даму» қоры 3,5 миллион теңгеге кепілдік берді.

Осы жылдың мамыр айында Қостанай облысының Рудный қаласында «ZERKALO» сұлулық салоны ашылды. Онда әйелдер мен ерлерге шаштараз, тырнақ әрлеу қызметтерін ұсынады.

 

«Есмагамбетова ИК» ЖК

Инстаграм: @zerkalo_11

Қостанай облысы, Рудный қаласы, Строительная, 36

Тел: 887767186446

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
803
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз