Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

«KAZKON» фабрикасы сапалы өнім түрлерін көбейтеді

«KAZKON» фабрикасы сапалы өнім түрлерін көбейтеді

«KAZKON» кондитерлік фабрикасы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында  автоматтандырылған шетелдік қос желі сатып алып, кәсібін кеңейтуде. Марат Қаженовтің айтуынша, бұл - өндіріс аясын кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. 

Кәсіпорын «Даму» қорының мемлекеттік қолдауымен 2018 жылы «Шетелдік автоматтандырылған қос желі сатып алу» жобасына «Халық Банкінен» «БЖК-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында арзан несие алды. Қаражатқа жаңа кондитерлік құрылғылар сатып алынды.
«KAZKON» фабрикасы 2011 жылдан бері сапалы, экологиялық таза өнімдерді шығарып келеді. Соның нәтижесінде печенье-пряник шығарудың өзіндік технологиясы жолға қойылды. Өнімге жергілікті  «Белес Агро» компаниясының астығы мен Орал құс фабрикасының жұмыртқасы пайдаланылады. Қоспасыз, таза шикізаттың артықшылығы да мол. Фабриканың 26 түрлі өнімі бұрыннан ақ өтімді болса, биыл вафли түтікшелерінің жаңа екі түрі шығарыла бастады. Фабрика өнімдері Батыс Қазақстан, сондай-ақ көршілес Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Ресейдің Саратов, Орынбор облыстарында да сатылады. Өнімді жарнамалау жұмысы да жандандырылды. «KAZKON» бұдан үш жыл бұрын Астанада тамақ өнеркәсібі саласы бойынша өткен «Inter food» халықаралық көрмесінде өнім сапасы бойынша бірінші орын алып, алтын медальмен марапатталған болатын.

- «Елбасымыздың қазақстандықтарға отандық өнімді сатып алу жөнінде үндеуі жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Жеке кәсіпкерлік нысанында қазір 64 адам еңбек етеді. Әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында әлеуметтік жауапкершілікті де жақсы түсінеміз. Кәсіпорын ешкімді қысқартпайды. Оның ең басты жолы - жаңа технологияға иек арта отырып, таза да сапалы, өтімді өнім шығару», - дейді кәсіпкер.

Осылайша, мемлекеттік қолдау нәтижесінде кәсіпорын өзінің өнім шығару процесін кеңейтіп, мемлекеттің қолдауымен өнім шығару көлемін арттыруда.

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
2789
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз