Колл-центр(Тегін қоңырау шалу):
1408+7 (800) 080 18 90

Клиника ашқан стоматолог

Клиника ашқан стоматолог

Табысты бизнес ережелерінің бірі – сүйікті іспен айналысу және оның ұсақ-түйегіне дейін білу. Бүгінгі кейіпкеріміз Оксана Сакыпова мен күйеуін осындай санаттағы кәсіпкер деуге болады. Жақында олар иелік ететін «Аида стоматологиясы» ЖШС «Smile Center» атты стоматологиялық клиника ашты.

«Клиника ашпас бұрын тәжірибең мол болып, ел сеніміне ие болуыңыз керек. Клиенттердің қолдауынсыз бизнесте табысқа жету қиын», - деді Оксана Сакыпова

Ерлі-зайыптылар еңбек жолын стоматолог болып бастаған. 2 жыл бұрын емхана ашуға бел буған кәсіпкер оған дейін мемлекеттік және жеке клиникаларда 8 жыл жұмыс істеген. Жұбайы да идеясын ықыласпен қолдады. Осылайша отбасылық бизнес дүниеге келді.

Алдымен ерлі-зайыптылар жалға алынған ғимаратта жұмыс істеді. Кейіннен олар «Forte Bank» АҚ арқылы несие алып, «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемесін субсидиялады.

Қазір 5 адамға жұмыс беріп отыр.


Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
1367
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз