Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Мақсатына Дамумен бірге жеткен кәсіпкер

Мақсатына Дамумен бірге жеткен кәсіпкер

Денсаулық – зор байлық. Дүниеге келгенде жаратушы сыйлаған денсаулыққа өмір бойы қамқорлықты адам өзі жасауы керек.

Білікті маманның, заманауи материалдар мен жабдықтардың көмегімен әртүрлі күрделі денсаулық зақымдарын емдеуге мүмкіндік бар. Әсіресе дүниеге перзент әкелер ананың денсаулығына көңіл бөліп, күтім жасауы – өте маңызды.

Мұны «Белый Аист» отбасылық ақпараттық-кеңес беру орталығының негізін қалаушы, басшысы Әлия Мақсұтқызы Байбулатова жақсы біледі.          

Байбулатова Әлия Мақсұтқызы Медицина академиясының емдеу факультетін акушер-гинеколог мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын қалалық перзентханада дәрігер болып бастады. 10 жылдан астам сәтті жұмыс істеп, біраз білім мен тәжірибе алып, жеке ісін ашпақшы болды.              

«Белый Аист» деп аталатын болашақ аналарға арналған мектеп жалға алынған бөлмеде жұмыс істей бастады. Көп ұзамай ғимарат иесі жалдау ақысын көтере бастады. Сондықтан жеке меншігіндегі барлық мүліктерін сатып, үстіне жиған ақшасын қосып жалпы ауданы 345 ш.м. болатын коммерциялық ғимарат сатып алды.

           Кейіннен заманауи медициналық жабдық (ультрадыбыстық аппарат) сатып алу қажет болған кезде кәсіпкер Қордың Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының қызметіне жүгінді. Бұл жерде оған кеңес беріліп, мемлекеттік қолдау алудың әртүрлі мүмкіндіктері туралы айтылды. Осыдан кейін кәсіпкер қажетті құжаттарын жинап «АТФ Банк» АҚ арқылы «Еңбек» бағдарламасы аясында кепілдік алып несиеге қол жеткізді.
Қазір орталық келесі бағыттар бойынша қызмет көрсетеді:

• Қауіпсіз босану мектебі;

• Емізуді үйрету мектебі;

• Үйдегі қауіпсіз орта;

• Босану кезіндегі көмекшінің сүйемелдеу қызметі

 

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
335
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз