Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Мектеп формасын тігуден бастап әлемдік брендке дейінгі жол

Мектеп формасын тігуден бастап әлемдік брендке дейінгі жол

«ПК АГФ Групп» ЖШС - «IKEA» швед компаниясымен ресей дүкендерін төсек жабдықтармен қамту жөнінде шарт жасасқан тұңғыш және жалғыз отандық кәсіпорын. Қазақстандағы үй тоқымасының ең ірі өндірушісі. Бұл салада 7 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бастапқы кезде компания шығаратын өнім түрі өте көп еді. Алайда 2015 жылы «IKEA-мен» шарт жасасқан соң бір бағытта ғана жұмыс істеуді жолға қойды.

Шымкент қаласының «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан компания Қытай, Үндістан, Пәкістан, Түркия, Ресей мен Еуроодақ секілді елдерге тауар өткізерде АЭА мен Кедендік одақтың аясындағы жеңілдіктердің арқасында қалта көтерерлік баға қойып, қысқа уақыт ішінде өнім жөнелте алады.

Заманауи технология, су жаңа жабдықтар мен жоғары білікті қызметкерлердің үштағаны жоғары сапалы өнім шығаруға мүмкіндік береді.

«IKEA-мен жұмыс істеудің арқасында біз Еуропа стандарттарына төселдік», - дейді компания директоры Гаухар Насырова.

Айналым қаражатын толықтыру керек болған кезде компания «Даму» Қорына жүгінді. «Bank RBK» АҚ 14%-бен несие берсе 4,2%-ын Қор субсидиялайды.
Компания қарқынды дамып келеді. Тұңғыш экспорт 2013 жылы жүзеге асырылды. Ол кезде фабрика ORBI балалар киімінің ресейлік бренді үшін мектеп формасын тігіп берген еді. Қазір кәсіпорынды экспортер компания деп атауға болады. Өнімінің 90%-ы шет елдік тұтынушыларға жөнелтіледі. Негізінен төсек-орын жаймасы және халат, көрпе сияқты т.б. үй тоқымасын дайындайды. Жылына 1,5 миллионға жуық өнім Ресейдегі «IKEA» дүкендеріне экспортталады. Бұл көрсеткіш өнім түрімен қатар үнемі өсіп келеді.

Компанияның отандық клиенттеріне де ұсынатын тауарлары көп.: Қазақстан мен Ресей нарығына арнап, ARUA және SUAVE сауда белгісімен 100% экологиялық таза мақтадан жасалған және Еуропалық сапа стандарттарына сәйкес келетін сейсеп-жайма, жастық тыс топтамасын шығарады.

Шымкентте қазір бір дүкен ашылған. METRO, Magnum және SMALL сауда желілеріне төсек жабдықтарын жеткізу туралы шартқа қол қойылды. Алда Carrefour-ге және басқа желілерге де жеткізу жоспарда бар.

Биылғы «АГФ Групп» өндірістік компаниясының директоры Гаухар Насырова Ernst & Young жаһандық байқауының «Жыл кәсіпкері – 2018» ұлттық кезеңінің «Өңірлік көшбасшысы» номинациясында жеңімпаз атанды.

«АГФ Групп» ӨК өнімдері туралы ақпарат: +7 (7252) 92-15-31; компания сайты: www.agf.kz, e-mail: info@agf.kz 

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
630
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз