Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Мемлекеттік қолдаудың арқасында Ақтөбе қаласында өңдеу өнеркәсібі дамып келеді

Мемлекеттік қолдаудың арқасында Ақтөбе қаласында өңдеу өнеркәсібі дамып келеді

Құрылыс саласының бүгінгі қарқынын ескерсек, пластик өнімдерге деген сұраныстың кемімейтінін болжауға болады. Жеке үй салып, пәтеріне жөндеу жүргізетін жандар да ескі есік-терезелерді жаңа пластик түріне алмастырғанды жөн көреді.

Пластмассадан жасалған бұйымдар қарапайым, қосымша әрлеуді қажет етпейді, дыбыс өткізбейді, тығыз әрі ұзаққа шыдайды.

Ақтөбелік Төлебаев Мұратбай Жетпісбайұлы ұзақ уақыт бойы түрлі компанияларда пластик бұйымдар саласында еңбек етті. Қарап жүрмей аймақтардан клиент жинаумне болды. Білім мен тәжірибе жинаған соң, 2017 жылы пластик бұйымдар шығаратын «Айс Строй Компани» ЖШС компаниясын құрып, цехты жалға алды.

Былтыр желтоқсанда бизнес аясын кеңейту үшін «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына келді. Тегін кеңес алып, мемлекеттік қолдаудың түрлі мүмкіндіктері туралы білді. Сөйтіп қажетті құжаттарын жинап, «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы несие алмақ болды.

«Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша алған бес млн теңгенің 1 200 000 теңгесіне Қор кепіл болды.

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
1659
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз