Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Мінсіз балабақша ашуға «Даму» көмектесті

Мінсіз балабақша ашуға «Даму» көмектесті

Баласына мінсіз балабақша табу қаншалықты қиын екенін барлық ата-ана біледі. Перзент үшін әркім ең жақсысын іздейді. Тәрбиеші білікті, тағамы дәмді әрі пайдалы, мұнтаздай таза болса дейді.

Бүгінгі кейіпкеріміз Шолпан Сағындыққызы да бір кезде немересіне осындай балабақша іздеген екен. Алматыда болған кезінде қазіргі заманғы формадағы мектепке дейінгі білім беру орталығының жұмысымен танысып, Ақтөбеде де осындай орталық ашу жайды ойға бекіген.

Бір кезде Жасмин атты немересі үшін идея іздеген Шолпан Сағындыққызы Ақтөбеде «Жасмин» атты балабақша ашты.

Кәсіпкер «АТФ банк» арқылы несие алып, «Даму» Қоры кепілзат жетпеген жеріне кепіл болып, пайыздық мөлшерлемесін субсидиялады.

Қазір бақша толық жұмыс істеп тұр. 11 адам жұмыспен қамтылды. Жетпіс орындық бақшадағы 50 бала мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бойынша қабылданған.


«Даму» қоры іс бастаймын деген жандарға жоспарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ал мұндай жобаларды қолдау мектепке дейінгі дамыту орталықтарын көбейтуге сеп болмақ.

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
384
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз