Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Нұр-Сұлтан қаласында «Басымдық берілген жобаларды несиелеу механизмі» тақырыбында брифинг өтті

Нұр-Сұлтан қаласында «Басымдық берілген жобаларды несиелеу механизмі» тақырыбында брифинг өтті

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығы алаңында «Басымдық берілген жобаларды несиелендіру механизмі» тақырыбында брифинг өтті. БАҚ өкілдеріне отандық тауарөндірушілерді мемлекет тарапынан қолдаудың жаңа жеңілдікті бағдарламасы жайында түсінік берілді. Брифингке Нұр-Сұлтан қ. Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Бекмұрзаев Е.У., «Даму» Қорының Нұр-Сұлтан қ. бойынша АФ директоры Абдолла Н.А., елордадағы кәсіпкерлер палатасының директоры А. А. Жүнісов қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін республика бойынша 600 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде басымдық берілген төмендегі бағыттар бойынша жобаларды қаржыландыру көзделген:

1) Агроөнеркәсіп кешеніндегі қайта өңдеу 100 миллиард теңге;

2) Агроөнеркәсіп кешеніндегі өндіріс 100 миллиард теңге;

3) Өңдеу өнеркәсібі және қызмет көрсету 400 миллиард теңге.

Осы бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қолдауға шағын және орта бизнес субъектілері, сондай-ақ ірі бизнес өкілдері де қол жеткізе алады. Несие сомасы бойынша шектеу жоқ.

Сондай-ақ, субсидия және кепілдікке қаржы қай өңір екеніне қарамастан бөлінген. Яғни Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аймақтық филиалға кез келген өңірдің кәсіпкері келіп жобасына ұсына алады.

-      Бүгінгі күні бағдарламаны жүзеге асырудың нәтижелерін көріп отырмыз. «Даму» Қорының Астана филиалы 1,460 млрд теңгенің 4 жобасын субсидиялауға қол қойды; 275 млн теңгенің 4 кепілдік шартына қол қойылды. Кепілдік сомасы 105 млн теңгені құрады. Қор құны 6,3 млрд теңге болатын екі жобаның пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауды қарастырып жатыр. КҚКО кеңесшілері 3,419 млрд теңгенің 15 жобасын сүйемелдеуде», - дейді «Даму» Қорының Астана филиалының директоры Н. А. Абдолла

Механизм аясында қолдау алған компаниялар тамақ өнімдерін өндіру саласында қызмет атқарады, мектеп және студенттік жатақхана құрылысына бағытталған жобалар бар, сондай-ақ 50 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша субсидиялау және кепілдік беру шарттарына алғаш қол қойылған жоба – «Ахметова Ф.Х.» ЖК. «Нұрбанк» АҚ арқылы несие алды. Механизм аясында кәсіпкердің несиесінің пайыздық мөлшерлемесінің бір бөлігі субсидияланып, кепілдік берілді. Несие қаражатына құрал-жабдықтар сатып алынып, айналым қаражатыны толықтырылды. Осы бағдарламаның арқасында кәсіпкер өнімнің түрін арттырып, 5-10 жаңа жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр.

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
956
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз