Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Өндіріс саласын меңгерген адам барлық саланың маманы бола алады

Өндіріс саласын меңгерген адам барлық саланың маманы бола алады

Сайрам ауданында тұратын кәсіпкер Муниса Исламованың бизнеспен айналысқанына 10 жыл. Алғаш ұн өндіретін шағын цех ашқан. Он жыл ішінде бизнестің көптеген саласында бақ сынап көрді. Уақыт өте келе сұраныстың бар екенін байқаған соң қоғамдық тамақтандыру саласында кәсіп ашпақ болды.

«Оңтүстік өңірдің қонақжайлығымен аты шыққан. Бізде үйлену той маусымы жыл бойы жалғасады және қонақтар саны кейде 1000 адамға дейін жетеді. Ал сұраныс бар жерде ұсыныс бар», -дейді Муниса.

Нарықты зерттей келе Муниса Ташалиевна банкет залын ашуға шешім қабылдады. Оның иелігінде дайын ғимараты болды. Қаражат банкет залын қайта жабдықтау үшін қажет болды.

Кәсіпкер «Форте Банктен» жылына 14% бен инвестиция үшін несие алды. Ал «Даму» Қоры «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында несиенің пайызын жылына 7%-ға дейін төмендетуге көмектесті.

Сөйтіп, банк пен «Даму» Қорының бірлескен қолдауының арқасында Ақсукент ауылында «Ақсарай» банкет залы ашылды.

«Біз ерекше, әсем және салтанатты сарай салғымыз келді. Дәмді ас және жоғары деңгейде қызмет көрсетілгенін қаладым. Біздің тойхана аудандағы ең әдемі ғимарат», - дейді Муниса Исламова.

Байланыс нөмірі 8 701-380-99-38


Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
315
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз