Колл-центр(Тегін қоңырау шалу):
1408+7 (800) 080 18 90

Nelly Spa – денсаулығыңыз сенімді қолда

Nelly Spa – денсаулығыңыз сенімді қолда

SPA-салондар – минералды емдік тұздар мен балшық, балдыр, түрлі массаж, маска, скрабтарды пайдалана отырып бой-басты күтетін арнайы мамандандырылған демалыс орындары.

Оралдық Шамагина Нелла Константиновна - 8 жылдан бері емдік және сауықтыру массаж жасаумен айналасады. Осы жұмысты Нелла Орал қаласындағы медицина клиникаларының бірінде кабинетті жалға алып бастаған еді.

Кез келген кәсіпкер сияқты Нелла жекеменшік салоны болғанын армандады. Бұл ойын жүзеге асыру үшін ол «Даму» Қорына келіп кеңес алды. Қор филиалындағы мамандар кәсіпкерге Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасын ұсынды. Нәтижесінде әрі Нелла «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы 6%-бен несие алды. «Даму» Қоры кепіл болды.

Бүгінгі күні Nelly Spa салонында клиенттерге косметологиялық қызметтер мен массаждың кең түрі, спа-процедуралар ұсынылады. Сондай-ақ білікті мамандар емдік массажды кәсіби түрде оқытады.

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
674
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз