Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Ормандағы ауыл

Ормандағы ауыл

Қостанайдан 40 шақырым жерде «Ормандағы ауыл» @derevenka_v_boru демалыс орны бар. Онда естен кетпес демалыс үшін барлық жағдай жасалған. Жайлы үй, ыстық ванна, велосипед, караоке, ойынның түр түрі. Сіз таза ауада күркені жалға алсаңыз сый ретінде жағажайда демалып, гриль мен барбекюге арналған мангал, самауыр мен қазан, балалар үшін батут та береді. Тіпті кіріп, жануарларды қолмен ұстап көруге болатын зоопарк те бар. Сондықтан ешкімнің іші пыспайды. Бұл ауылға келгендер демалыс орнының жанға жайлы екенін бірден байқайды. Айнала ұқыпты, тап-таза, гүлдер. Ормандағы ауыл көркейіп келеді. Бұл - демалыс орталығы жетекшісі Татьяна Лазаруктың еңбегі.

Татьянадан кеңестер:

Өз ісіңді жақсы көріңіз. Айналысатын ісіңіз алдымен өзіңізге қызық болуы керек. Ұйықтап жатқан уақыттан басқа кездің бәрінде осы іспен айналысуыңыз керек. Ұнамайтын нәрседен бас тарту оңай. Ол сүйікті ісіңді тастап кету мүмкін емес. Сондықтан жұмысты тек ләззат алатын салады бастаңыз.

Белсенді болыңыз. Тек демалысыңызға ғана емес, денсаулығыңызға да көңіл бөліңіз. Көп қимылдап, салауатты өмір салтын ұстанып, алдын ала тексеруден өтіп тұрыңыз. Шипажай өте пайдалы. Бассейнге, фитнеске, аэробикаға және т.б. жазылыңыз. Есіңізде болсын, бизнес сізге қызмет ету керек.

Кәсіби мамандармен жұмыс істеңіз. Команда тек қана кәсіби мамандарды, талантты адамдарды қабылдау керек.

Былтыр қазан айында Татьяна «АТФБанк» АҚ арқылы демалыс орнын жаңарту және кеңейту үшін 14%-бен несие алды, оның 7%-ын мемлекет субсидиялайды. Сондай-ақ, «Даму» қоры Татьянаға несиенің 50%ына кепілдік берді.

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
1220
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз