Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Қостанайда «Инфано» балаларды дамыту орталығы мемлекеттік қолдаудың арқасында табысты дамып келеді

Қостанайда «Инфано» балаларды дамыту орталығы мемлекеттік қолдаудың арқасында табысты дамып келеді

Инфано дамыту орталығы ашылар кезде Әсел Бақытжанова дипломды маман ретінде (2002 жылы Қостанай мемлекеттік университетін бітірген) балалармен жұмыс тәжірибесі мол еді. Ол бұған дейін Өнер мектебінде хореограф болып, әдіскер ретіндежұмыс  істеген. Екі жыл бұрын балаларды дамыту орталығын ашу жайлы ой келіп, қаладағы бизнес орталықтардың бірінен бөлме жалдады. Бір ішінде балалардың биге деген құлшынысы артқаны сондай, кеңею керек болды. 

Әсел қаланың тыныш ауданынан қолайлы ғимарат тапты. Жалға алу шартына қол қойып, жөндеу жүргізді және қажетті жабдықтар мен жиһаздарды сатып алды. 

Екі жыл бойы сәтті жұмыс істеген соң, ғимаратты сатып алғысы келді. Себебі бастапқыда жалға алу туралы шарт жасасқан үйдің иесі ғимаратты кейін сатуы мүмкін екенін ескерткен еді. Ыңғайлы ғимарттан айырылып алмау үшін Әсел «Центр Кредит Банкі» АҚ арқылы несие алғысы келді. Банк жобаны қолдап, «Даму» Қоры 28 млн теңге кепілдік берді. Енді Әселдің өз орталығы бар және жалдау шығындары жоқ.

Екі жыл ішінде «Инфано» балаларға пайдалы демалыс пен жастайынан дамыту орны ретінде өзін-өзі дамыта отырып, балалар хореографиясы, спорт, ойын түріндегі ағылшын, жедел оқу үйірмелерін ұсынды. 

Бұл кешенге тәулігіне 200-ге жуық бала келеді. 

Балалармен жұмыс істеу үшін Мария Монтессори, Джон Дьюи, Уильям Килпатрик, Вячеслав Воскобович, Николай Зайцев және басқалар сияқты әлемнің көптеген дамыған елдерінде танымал түрлі техника мен технологияларды қолданады. 

Жақсы мұғалімнің түрі көп: жүрегі жұмсақ егде адам, оқуды жаңа бітірген жалындаған жас. Бірақ ол өз жұмысын жақсы көруі керек. Инфанода дәл осындай мұғалімдер жиналған.

«Инфано» ұраны - Біз қуанышпен қабылдаймыз, мақтан тұтып шығарып саламыз!

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
4730
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз
Оған қоса мыналарды да қараңыз

Ұқсас жаңалықтар табылмады.