Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Қостанайдағы әлемдік деңгейдегі футбол алаңын «Тобыл-Ертіс» матчы ашты

Қостанайдағы әлемдік деңгейдегі футбол алаңын «Тобыл-Ертіс» матчы ашты

Қостанайда төрт миллиардтан астам теңгеге жабық футбол алаңы салынды. Жобаны мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында «Астана Градждан Строй» ЖШС «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асырды.

Компания ForteBank-тен несие алды және «Даму» Қорының кепілдігін пайдаланды. Бұл жобаның өңір үшін маңызын ескере отырып кепілдікті Қостанай филиалы 3 күн ішінде мақұлдады.

Футбол аренасы бір жыл ішінде салынды. Қазақстанда теңдесі жоқ спорт кешені УЕФА-ның барлық стандарттарына толық сәйкес келеді. Соңғы үлгідегі жасанды шөп төселген. Сонымен қатар ғимараттың ерекшелігі - шатыры. Күн сәулесін тарататын және жылу сақтайтын екі қабатты мембрана жарықтандыруға да үнем болады.

Мердігерлердің айтуынша, ең қиыны - арка жасау болыпты. Металл конструкция салмағы мың тоннадан асады. Оның құрылысына 80-ге жуық адам қатысты. Ал аренаның биіктігі 28 метр болды, бұл шамамен 9 қабатты үйдің биіктігіндей.

Аймақ халқы осындай жабық футбол алаңы көптен бері күтті. - «Біздің облысымыздың қыс ерте түседі. Балалар қар кешіп, күн суықта жаттығып жүрді. Ол жаттығу сапасына әсер етпей қоймайды. Енді балаларымыз жыл бойы оң температурада жаттығатын болды.

Облыста футбол қарқынды дамуда, 16 мыңға жуық адам осы спорт түрімен айналысады», - дейді Қостанай облысының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Азамат Бегалин.

Жаңа стадионда Қостанайдың «Тобылы» Павлодардың «Ертісін» 3: 0 есебімен жеңді.

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
4181
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз