Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

«Папа Карло» ағаштан сыйлық жасайды

«Папа Карло» ағаштан сыйлық жасайды

2015 жылы Евгений мен Екатерина Нечаевтардың отбасында дүниеге ұл бала келген кезде керемет идея да туды. Отағасы Түрлі композициялар, фото жиектер, интерьерге қажет сәнді торлар, логотиптерді ағаштан ою сияқты кәдесый, сыйлықтар жасау ісін қолға алды. Алғашқы фотоальбом жанұяға арналды. Бұл – оны көрген достар мен таныстардың қызығушылығын оятты. Өздеріне де жасап беруді сұрай бастады. Бұл ағашпен жұмыс істеу саласындағы бизнеске түрткі болды. Қостанай қаласы үшін бұл – бизнестің мүлдем жаңа бағыты еді.

«Папа Карло» шеберханасының өнімі Қостанай қаласының тұрғындары арасында ғана емес, алыс-жақын жердегі тұтынушыларға да таныс. Сондықтан да Нечаевтар дүкен ашып, қосымша жабдық сатып алып, қолөнершілер, дизайнерлер мен суретшілерді тартпақ болды.

2019 жылдың ақпан айында кәсіпкерлер «Еңбек» бағдарламасы аясында «Сбербанктен» жылына 6%-бен жеңіл несие алды. Бұған фитинг машина сатып алынды.

Бүгінгі күні «Папа Карло» шеберханасы нарықта көшбасшы ретінде танылып, өнімдерін үнемі жетілдірілуде.

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
1539
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз