Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

«Роботрек» - инновациялық техникалық шығармашылық клубы

«Роботрек» - инновациялық техникалық шығармашылық клубы

Жасанды интеллект - қазір сәнге айналған жаңа сөз ғана емес. Роботтар біздің өміріміздің әр саласына сыналап еніп келеді. Робот-шаңсорғыштардан бастап радиокүтушіге дейін қолданыста. Қазіргі балалар сәби кезінен бастап ұялы телефон мен компьютердің құлағында ойнайды. Бірақ, роботтың бәрі бірдей пайдалы бола бермейді.

Бұл туралы Семейдегі робототехника клубының жетекшісі – Мусина Диляра Вячеславовна жақсы біледі. Өйткені, клубтағы балалар ғылым жетістіктерін пайдаланып қана қоймай, роботты өз қолымен құрастыруды да үйренеді. Мұндай әуестік зиян емес, баланың дамуы үшін өте пайдалы.

- Алматы қаласында осындай франшизамен бизнес ашқан достарымның әңгімесін естіген соң мен де Семейден ротототехника үйірмесін ашуға тырыстым. Семейде бұл жағынан нарықта бәсеке болмады. Мен осы саладағы алғашқы кәсіпкер болдым. Жеке автокөлік сатып алып осы франшизаны 2018 наурыз айында сатып алдым, - дейді Диляра.

Клубта әр баланың айналысатын шаруасы бар. Робототехника негіздері, бағдарламалау негіздері, физика және математиканы тәжірибе жүзінде үйрету, жеке шығармашылық жобалар. Сондай-ақ, мұндай сабақтар шағын моториканы дамытып, әлеуметтік жағынан бейімделуге ықпал етеді.

Мұнда балалар жас ерекшеліктеріне сәйкес әдістеме бойынша шұғылданады. Балалар ертегі құрастырды, оқиды және олардың кейіпкерлеріне жан бітіреді. 7-9 жастағы балалар - инженерлік топқа жатады. Жұмыс істеу үшін олар 3D-модельдеу үшін кең мүмкіндіктер беретін Huna-MRT корей конструкторларын пайдаланады. 16 жасқа дейінгі топтар скретчте компьютерлік ойындар жасайды.

- Әрине, қиындықтар да жеткілікті. Мысалы, Қазақстанда мұндай клуб үшін дайын мамандар жоқ. Бізге техникалық немесе IT-білімі бар адамдарды алуға тура келеді. Кейін олар біздің франшиза аясында мамандардан білім алады. Содан кейін ғана жаттықтырушы-кеңесші ретінде жұмысқа кіріседі, - дейді Диляра.

2018 жылы қазан айында Диляра робот құрастыру клубының екінші бөлімін ашты. Сол жылы көктемде-ақ бұл жер тарлық ететінін түсінді. Өйткені қатысуға тілек білтіргендер көп еді. Кеңею керек болды, бірақ жабдық сатып алу үшін қаражат аз еді. Сонымен қатар, басқа сыныптардағы ескірген жабдықтарды да ауыстыру қажет болды. Бұл жолы ақыл-кеңесті Ақтау қаласындағы әріптестерінен алды. Олар Дилярға өз робототехника клубын дамытуға мемлекеттен грант алуға болатынын айтып, қайда хабарласу керектігін айтты. Сөйтіп Диляра "бизнестің Жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасының аясында грант қаржысы байқауына қатысты.

- Жоба дайындау қиын болмады, - дейді Диляра. - Кәсіпкерлер палатасының мамандары маған бизнес-жоспар дайындап берді. Жобамды қорғау барысында мен комиссия мүшелерінің көңілінен шыққанымды түсіндім. Бірақ, әрине, соңғы сәтке дейін күмән келтіріп, уайымдадым. Бірақ артқа қайтар жол жоқ еді.

Мусина Диляра Вячеславовна басқаратын ЖК 2 000 000 теңге грант жеңіп алды да қажетті құрал-жабдықтар, электроника, мидың көмегімен робот басқаратын «Нейро» курсын сатып алды.

- Бұрын бізде әлсіз датчиктері бар нейроқұрылымдар болды, олар әрине, мидың күшімен роботтарды жылжыта алатын. Грант қаражатына біз заманауи нейрогарнитураны сатып алдық. Ол жай ғана жылжыту емес, ми импульстерінің көмегімен роботтарды басқаруға мүмкіндік береді. Балалар қалай қуанғанын елестетіп көріңіз! Мұндай роботтар тіпті адам жасырған сөзді таба алады!

Өз армандарыңызды Семейлік Диляра секілді «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасымен бірге жүзеге асырыңыз және армандаңыз!

Мусина Дилярадан лайфхактар:

1. Тәуекелге барудан қорықпаңыз. Бір кездері маған жеке автокөлікті сатуға және сатудан алынған барлық қаражатты бизнеске салуға тура келді. Ал бүгін менің жеке бизнесім бар, ол маған тұрақты табыс әкеледі. Көлікті де.

2. Айналаңыздағы жақындарыңыздың кеңесін тыңдаңыз. Бір әріптестерімнің кеңесі маған бизнесте дұрыс бағыт таңдауға, басқаларынікі бизнесті дамытуға қажет қаражат алуға көмектесті.

3. Франшиза бойынша жұмыс істеуге қорықпаңыз. Көптеген адамдар үшін бұл жаңа сөз қорқынышты. Ал іс жүзінде бизнестің дайын идеясын алудың сөкеттігі жоқ. Бұл бәрін нөлден бастағаннан гөрі әлдеқайда оңай.

Компанияның байланыс ақпараты: ҚР, ШҚО, Семей қ., Мұхамедханов к-сі, 49 үй, «Жібек Жолы» к., 3 қабат. Телефон: 87054510504 

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
4224
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз