Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Шұжық өндірісінің көшбасшысы

Шұжық өндірісінің көшбасшысы

Азамзат шұжық жасаудың технологиясын ұзақ жылдардан бері ойлап тауып, жетілдіріп келеді. Піскен, жартылай ысталған, қайнатылып-ысталған, тартылған, шикілей ысталған және қақталған шұжықтар мен зельц, өкпе-бауыр, ішек-қарыннан жасалған, қан ұйыған шұжық өнімдерінің әрқайсының жасалу жолдары әр түрлі және жыл өткен сайын өзгеріп, даму үстінде.

Қазір шұжықтар көп компонентті ет өнімдері болып саналады. Рецептке ет қана емес дәмдеуіштер, тұз, түрлі қоспалар мен компоненттер кіреді. Шұжық - ақуыз, май, минерал сияқты адамның ағзасына қажет заттарды қамтамасыз ететін тағамдық құндылығы жоғары өнім. Соңғы он жыл ішінде елімізде осы салада жаңа кәсіпорындар көп ашылды.Халық арасында шикілей ысталған шұжықтар сұранысқа ие, өйткені оларды дайындау үшін жоғары сапалы ет керек.

Солардың бірі - «Апрель Құлагер» ЖШС. Ет комбинаты «Эке-Хендель» фин-герман фирмасының жабдықтарымен жасақталған. Кәсіпорын мал сойып, өңдеп, шұжық өнімдері мен ет-сүйек жартылай фабрикаттарын өндіру және сатумен айналысады. Қазір http://aprelkulager.kz шұжық өндірушілер арасында өнім сапасы мен көлемі бойынша көш бастап тұр.

2016 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Қазкоммерцбанк» @qazkom_official арқылы 70 млн теңге несиені жеңілдікпен алып, өнім көлемін арттырды.

Кәсіпкерден лайфхак:

1)       Бизнес табысты болу үшін клиенттеріңіз кім екенін зерттеп барып жұмыс бастап, сол тұтынушының мүддесі үшін жұмыс істеу керек.

2)       Бәсекелестікте басқалардан артықшылығыңыз бен ерекшелігіңіз оздырады. Ол үшін өз дәміңізді ойлап табыңыз, даму жоспарын құрыңыз және тәжірибе жасаудан қорықпаңыз.

3)       Бизнес табысты болуы тиіс. Ол үшін бір айға емес, бір жыл немесе одан да көп уақытқа бизнес-жоспар құру қажет.

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
312
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз