Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

«Шин Лайн» Қазақстандағы №1 балмұздақ

«Шин Лайн» Қазақстандағы №1 балмұздақ

1995 жылы шағын ғана отбасылық фирма құрылып, кәсіпкер Андрей Шин оны «Шин-Лайн» деп атады. Шағын ғана цех иесі 20 жылдан соң Орталық Азиядағы ең ірі балмұздақ өндірушісіне айналып, «Қазақстанда жасалған» деген белгімен экспортауға кірісетінін білмеген болар.

2004 жылы толыққанды балмұздақ зауыты салынып, тәулігіне 3 тонна өнім шығаратын болды. Уақыт өте келе шығатын өнім 25 тоннаға жетті.

«Компания табысының сыры мұнда еңбек ететін жүздеген қызметкерлерімізбен тығыз байланысты. Бұл - өндірісті жаңғыртуға, сапаны бақылауға және логистикаға жауап беретін барлық мамандардың еңбегі», - дейді компания президенті Андрей Шин.

Осы жылдар ішінде «Шин-Лайн» ЖШС өндірісті дамытуға барынша күш жұмсап келеді. Жабдықтарды жаңартып, рецептерді жетілдіріп, тамаша, қайталанбас, өзіне тән дәмі бар өнімдер шғаруға қол жеткізді.

Компания «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде инвестиция үшін қаржы алған.

Ал қазір «Шин-Лайн» жылына 13 мыңнан тоннадан астам, 140 түрлі балмұздақ шығарады. Жоспарда экспорт үлесін жалпы сауда көлемінің 1 пайызынан 10 пайызға дейін арттыру. Қазақстан бойынша компанияда 2200-ден астам адам жұмыс істейді.

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
189
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз