Колл-центр(Тегін қоңырау шалу):
1408+7 (800) 080 18 90

«Shipa med» медицина орталығы ашылды

«Shipa med» медицина орталығы ашылды

Қожабергенов Мұрат Моқанұлының жоғары білімді дәрігер ретіндегі жалпы жұмыс тәжірибесі 5 жылдан асады. 2019 жылдың мамыр айында «Кожабергенов М.М.» жеке кәсіпкерлік нысанын Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында тіркеп, балалар мен ересектерге амбулаторлық қызмет көрсететін «Shipa med» медициналық орталығын ашты.

Жалпы ауданы 308 ш.м. болатын медициналық орталықта педиатр, терапевт, гинеколог, кардиолог, уролог, травматолог, невропатолог, аллерголог, физиотерапия, сондай-ақ инсульттан кейін адамдарға арналған оңалту бөлмесі бар.

Жобасын жүзеге асыру барысында кәсіпкерге ультрадыбыстық аппарат сатып алуға 20 000 000 теңге қажет болды. Мұрат аймақтық «Нұр Капитал» бағдарламасы бойынша «Сбербанк» АҚ арқылы 8,5%-дық несиені 5 жылға алды. Бағдарлама бойынша 7,5%-ы жергілікті бюджеттен субсидияланды. Сөйтіп, кәсіпкер несиені бар-жоғы 1%-бен төлейді. Кепілзат жетіспегендіктен, «Даму» қоры кепілдік берді.
Қазір медициналық орталықта 20 адам жұмыспен қамтылған.

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
375
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз