Колл-центр(Тегін қоңырау шалу):
1408+7 (800) 080 18 90

Су – тіршілік көзі

Су – тіршілік көзі

Ауыз су әр үйге әрқалай келеді. Құбыр арқылы, құдықтағы, тіпті скважина қазып шығарылған су болуы мүмкін. Әрқайсының дәмі де, химиялық құрамы да әр түрлі. Ал жерінің ерекшелігіне қарай суы тұзды, сортаң болып келетін аймақтар да бар. Ал халық 100 пайыз таза ауыз су ішкісі келеді. Қайнатпай ішетін судың сапасына күмән болмаса дейді.

Осыған байланысты, соңғы бірнеше жыл ішінде су тазартып, құйып сататын компаниялардың қызметіне сұраныс артты.

Оралдық жас кәсіпкер, «Жан-Сан» ЖШС басшысы Арман Мұқанов осы сұранысты байқаған соң халықты таза және пайдалы сумен қамтамасыз ететін жаңа орындар ашуға ниеттенді. Ауыз суды тазалап, құйып сатумен айналысатын кәсіпкерге сауда нүктелерін көбейту үшін су тазартатын әмбебап шағын станциялар керек еді. Оны сатып алуға қаржы жеткіліксіз болды.

Жас кәсіпкердің жобасын Халық Банк «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай Кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша қолдап, жылына 6%-бен несие берді. «Даму» қоры банк алдында кепіл болды.

Қазір кәсіпкердің ашқан таза ауыс су нүктелері толыққанды жұмыс істеп тұр. Халыққа да, кәсіпкерге де пайдалы.

тел. 8 702 597 07 09

Мекенжай: Орал, Әбілқайыр хан, 78/А; Құрманғазы 173Б.

instagram @zdorovoda_kz


Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
445
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз