Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Сурет салу, жобалау, ойнау – бала қабілетін дамыту

Сурет салу, жобалау, ойнау – бала қабілетін дамыту

- Бәрі әйгілі мультипликациялық кейіпкер Груттан басталды, - дейді "Paint" заманауи инновациялық өнер мектебінің негізін қалаушы Яркимбаева Елена. – Біз оны компьютерде құрастырып, 3D принтерде басып шығардық. Балаларға суретті бояп, ол бояудың қатырмасын үйіне алып кетуге рұқсат еткенде қатты қуанды.

Осылайша қарапайым көркемсурет студиясын инновациялы студияға айналдыруға алғашқы қадам жасалды. Бұл 2018 көктемі еді. Елена идеяны толыққанды жобаға айналдыру керек деп шешті. Бірақ бәрі қаржыға тіреліп тұр. Сол кезде грант байқауына қатысуға шешім қабылданды. Алдымен ол Zhas Project құжаттарын берді-өтпеді, бірақ мойымады. Өйткені, мұндай мектеп ШҚО-да болмаған еді. 2018 жылдың күзінде "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы аясында грант ұтып алмақ болды. Түйсігі алдамапты. Ол жеңді!

- Жобаны қорғау алдында қалай алаңдатқанымды ұмытпаспын. Құдайға шүкір, мен жалғыз емес едім. Добаны қорғауға досым Раиф көмектесті. Бірақ біз дайындаған презентация ашылмай қалып, идеяны қолмен түсіндіруге тура келді. Біз өзімізбен бірге 3D-принтерде басып шығарған фигураларды алып шыққанымыз дұрыс болыпты. Комиссия бірден қызықты және ух дедік.

Студия үшін Елена 2 000 000 теңге сұраған. Қараша айында бірінші транш келіп, Елена бірінші ноутбуктерін сатып алды. Одан әрі 3D-принтерге тапсырыс берді. Қазақстанда мұндай жабдық болмағандықтан, Қытай мен АҚШ-қа тапсырыс беруге тура келді. Ол келгенше өз жабдығында жұмыс істеді. Жақында мектепке 3D-қалам келді, балалар бірден заманауи құрал-жабдыққа көшті.

- Алдымен бізде Эйфель мұнарасы пайда болды, содан кейін балалар көзілдірік салып, бірден киіп алды. Инновацияның кереметтігі де осында – балалар сурет салып қана қоймай, оны бағдарламалап, нақты құралға айналдыра алады. Бұл шығармашылық пен ойынның басын қосады.

Елена мектебінің артықшылықтарының бірі – балалар қылқалам, бояу, қағаз, 3D-принтерге арналған сым және 3D-қаламдарға шығын шлығармайды. Мұның бәрін мектеп тегін береді.

Балалар мектепте натюрморт, академиялық сурет, композиция, гүлтану бағдарламасына сәйкес көркемдік шеберлік негіздерін үйренеді. Енді балалар ноутбукті қолға алып 3D-модельдеуді үйренуде. Мектепте әр жастағы 5-тен 15-ке дейінгі 5-7 баладан 4 топ бар.

Айта кетерлігі, Елена 20 жаста ғана. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Бейнелеу өнері және сызу факультетінің студенті. Ал "Paint Art Studio" Семей қаласында қазірдің өзінде танымал. «Жас келсе – іске» деген осы.

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
101
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз