Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Тәжірибесі табыс әкелген кәсіпкер

Тәжірибесі табыс әкелген кәсіпкер

«Даму» Қорының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Пласт Комплекс» компаниясына пресс тур өтті. ЖШС директоры Маркел Валентина журналистерге пластик бұйымдар шығару ісіне қалай келгені туралы әңгімелеп берді. Валентинаның бұл кәсіпті бастауы кездейсоқ емес еді.

2011 жылы пластик терезелер шығаратын компанияға жұмысқа тұрған ол еңбек ете жүріп, жұмыс процесін зерттеумен болды. Бұл саланың қыр-сырын меңгерген 2017 жылы өз бизнесін бастау туралы шешім қабылдады. Кәсіпкер алдымен қала нарығындағы шикізат жеткізушілермен байланыс орнаттты. Сонымен қатар терезе, есік қалыптары, витраж, дүкен, кеңсе бөлмелері, жылыжай және т.б. сияқты дайын өнімдерді өткізетін жерлер де бар.

«Центр Кредит Банк» АҚ өндіріс цехын жөндеу үшін несие берді. «Даму» қоры несие сомасының 50 пайызына кепіл болып, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында субсидиялады. Яғни, 14,95% несиенің 6,95%-ын мемлекет өтейді, қалған 8%ы-н кәсіпкер төлейді.

Бұл қаржыға кәсіпкер цехты электрмен жабдықтап, трансформатор орнатып, электрқұрылғы, сым, электрометр, ұзақ жанатын қазандық орнатып, жылыту регистрлерін жөндеп, металл қақпаларды ауыстырып, төбені жауып шықпақ.

Мемлекеттің кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары жас және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге серпін беріп келеді. Біз Валентинаға бизнесінің өркендеуін және сәттілік тілейміз.

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
4716
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз