Колл-центр(Тегін қоңырау шалу):
1408+7 (800) 080 18 90

Табыс әкелген әуестік

Табыс әкелген әуестік

Шұлғауова Қарлығаш Әріпжанқызы бала кезінен тәтті тағамдар пісіруді жақсы көрсетін. Барлық табысты кулинарлар секілді, Қарлығаш табизнес бастамас бұрын туыс-дос жарандарының аздаған тапсырыстарына жұмыс істеген.

2014 жылдың қыркүйек айында «Нәзік Дастархан» ЖК тіркеп, Жетісай қаласындағы базардан 50 ш.м. бөлме-жайды жалға алып, нан-тоқаш және кондитер өнімдерін шығара бастады. Сұраныс көбейген сайын бизнес аясын кеңейту керек екенін ұқты.

2017 жылы Қарлығаш жинаған ақшасына қала орталығынан шағын цех ғимаратын сатып алды. Кондитерлік цехты бисквит, қантты, қатпарланған және қайнатылған қамырдан жасалған торттар мен күлшелер пісіріп сатады. Дәмді әрі жаңа піскен өнімге сұраныс арта келе кәсіпкер цехта қосымша жабдықтар сатып алуды жоспарлады.

Кәсіпкердің бұл талабын құптаған «Қазақстан Халық Банкі» АҚ 14,25%-бен несие беріп, «Даму» Қоры «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында төлем пайызын 7,3%-ға дейін төмендетті. Сондай-ақ кепілдік жетіспегендіктен Қор кепілдік ұсынды.

Бүгінде Жетісай қаласының тұрғындары «Nazik Bakery» брендімен шығатын тәттілеріне қуана-қуана тапсырыс береді.

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
2829
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз