Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Уақытқа сай жасалған қадам

Уақытқа сай жасалған қадам

Қазір даму, жаңалық ашу бір орында тұрмайтын кез. Кешегі қолданыстағы дүние бүгін уақыт сынына төтеп бере алмайды. Оралдық жас кәсіпкер Ринат Ибатов иелік ететін «KTS-KazTransService» ЖШС қаладағы қоғамдық көліктерге жолақы төлеудің автоматтандырылған электронды жүйесін енгізді.

Ринат «Еуразиялық банк» АҚ арқылы «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында 6%-дық несие алды. Сонымен қатар, кепілзат жеткіліксіз болғандықтан ісін жаңа бастаған кәсіпкер ретінде «Даму» Қорының кепілдігін пайдаланды.

Қазір Орал қаласының тұрғындары қоғамдық көлікте жол ақысын төлеу үшін жеке көлік карталарды сатып алады. Бұл ерікті таңдау түріндегі қызмет, оған қоса әдеттегі ақшалай төлемдер де қолданылады. Қазір жолаушы өзімен бірге ұсақ тиын алып жүруге, ал кондукторлар артық ақша қайырып беріп әуре болмайды. Көлік карталарымен қатар, брелок, білезіктермен төлеу қарастырылған. Бұл тәсіл оқушылар үшін өте ыңғайлы. Олардың көлемі шағын және кілтке қосып қыстырып, білегіне тағып алуға болады. Сонымен қатар керамикалық сақиналар түрінде де бар. Бұл көлік карталарымен әр түрлі турникеттерден өтуге болады.

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
1254
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз