Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Қызылордада Еңбек бағдарламасы аясында галстук тігетін цех ашылды

Қызылордада Еңбек бағдарламасы аясында галстук тігетін цех ашылды

Қызылордалық кәсіпкер Бақыт Бексұлтан мектепте оқып жүрген кезінен бастап сауда-саттық жасап үйренді. Арманы - ерлерге арналған бұйымдарды өндіретін жеке шеберхана ашу еді. Себебі галстук – ерлердің гардеробындағы ең қажетті бұйымдардың бірі. Сол бала арманының жетегімен 2017 жылы өз қаражатына галстук шығаратын шеберханаашуға кірісіп, өзіне тиесілі тұрғын жайды цех етіп жабдықтады.

Кәсіпкер жекеменшік цехында галстук шығарады. Тиімді ұсыныстар түскендіктен, өндіріс көлемін арттыруға мүмкіндік беретін құрал-жабдық сатып алуды ұйғарды. Қазір оның өнімдерін аудан, қала, жақын маңдағы қалалардың саудагерлері көтерме бағамен сатып алады.

Кәсіпкер идеясын жүзеге асыру үшін «Қазақстан Халық Банкіне» жүгінген. Былтыр қаңтар айында галстук шығаратын жабдық сатып алу үшін 3 635 000 теңге несиеге қол жеткізді. Жоба «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында мақұлданып, несие пайызы бар жоғы 6 пайыз болды.

«Даму» қоры - біздің қолдау - сіздің дамуыңыз

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
2522
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз