Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Жұмыссыздықтан жемісті бизнеске дейінгі жол

Жұмыссыздықтан жемісті бизнеске дейінгі жол

Бизнес бастау үшін ақшаны қайдан алуға болады? Іс бастамақ болған кәсіпкерлердің 95%-ы осы проблемаға тап болады. Түркістан қаласының тұрғыны Әбішев Үйғын шағын капиталмен немесе аз-маз ақшамен бизнес ашуға болады дейді. Оған Үйғынның кәсіпкер ретінде қалыптасу жолы дәлел.

Тұрақты жұмыс пен жалақының болмауы жеке бизнес ашуға итермелейді. Үйғын Әбішев те тура осы себеппен бизнеске келген. Қазір ол «Asia Brend» брендімен жиһаз шығаратын цех иесі. Экономист мамандығы бойынша диплом алып, біраз уақыт жұмыс таба алмай, жиһаз жасау цехына жұмысшы болып орналасқан Үйғын кәсіпорында қысқартуға түскенше 7 жыл жұмыс істеді.

7 жыл ішінде жинаған тәжірибесі оған 2013 жылы «Әбішев» ЖК тіркеуге түрткі болды. Үйғын қолында бар 200 мың теңгеге цех жалдап, алғашқы тапсырыстарының кесу ақысын төлеген. Ал материалға қаржыны тапсырыс берушілерден алды. Себебі алдын-ала төлем бойынша жұмыс істеді.

Қазір кәсіпорын Шымкент, Тараз, Қызылорда, Қарағанды, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе және Жезқазған қалаларының дүкендерін жиһазбен қамтамасыз етіп отыр. Мұндай көп тапсырысты орындау үшін оған қомақты айналым қаражаты қажет.

2018 жылы Ұйғын Әбішев jysanbank.kz арқылы 14,75%-бен несие алды. Оның 5,9%-ын «БЖК 2020» бағдарламасы бойынша Даму Қоры субсидиялады. Кепілзат жеткіліксіз болғандықтан Қор қарыздың 50%-на кепілдік берді.

Бұл қаражатқа кәсіпкер Ресей мен Қытайдан материал сатып алды. Ұйғын Әбішев өнім түрлерін көбейту үшін жыл сайын Мәскеу, Гонконг және Алматыда өтетін халықаралық көрмелерге барады. Қазір цехта 100 адам жұмыс істейді. Кәсіпкер кәсіпорынды одан әрі үлкейтіп, Түркістан облысы халқын жұмыспен қамтуды арттыруды жоспарлап отыр.

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
637
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз