Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Жанға жайлы жұмыс орны

Жанға жайлы жұмыс орны

«Фрилансер» атауы бір кездері «жұмыссыз» деген сөздің синонимі іспетті еді. Ал қазір жеке кәсіпкер немесе еркін кестемен еңбек ететін ерікті адам ұғымымен байланыстырылады.

Олар қай жерде отырып жұмыс істейді? Үйде ыңғайлы бола бермейді. Жалғыз өзіне бола кеңсе жалдау – артық шығын. Дәл осы кезде «коворкинг» орталық атты ұғым енді. «Коворкинг» - «бірлесіп жұмыс істеу» деген мағынаны білдіреді.

2016 жылы коворкинг бағыты туралы естіп-білген іс бастаушы кәсіпкер Әлібек Шолпанқұлов миллион тұрғыны бар Шымкент қаласында жаңа кәсіп түрімен айналысып, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жандарға арналған орталық ашуға бел буады. Коворкинг орталығына ыңғайлы ғимаратты қаланың қақ ортасынан тапқанмен, қайта жаңарту мен жабдықтауға қаражат қажет болды.

2017 жылы ол «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына келіп, «Еңбек» бағдарламасы аясында төмен пайызбен несие алды. Жобаны «Қазақстан Халық банкі» алты пайызбен қаржыландырды. Несие алу барысында кәсіпкердің кепілзаты жеткіліксіз болып, «Даму» Қоры кепілдік берді.

2018 жылы жас кәсіпкер Әлібек «SCRUM» атты коворкинг орталық ашты.

Қазір бұл орталық кәсіпкерлерге жүйелі түрде өсу және даму мүмкіндігін беретін, кәсіпкерлерді жұмыс орнымен қамтамасыз ететін жер. Орталық кәсіпкерлерге тек жұмыс орны ғана емес, олардың жан-жақты дамуына ықпал ететін, білім, жаңа идеялар, біліктілігімен бөлісетін орталыққа айналды.

«SCRUM» коворкинг орталығы туралы толық ақпаратты www.scrum-office.kz сайты арқылы алуға болады.


Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
4299
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз