Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Жас кәсіпкерге нақты қолдау

Жас кәсіпкерге нақты қолдау

Экономиканың дамуында жолаушылар тасымалы үлкен рөл атқарады. Жолаушылар тасымалының сапасы мен жылдамдығы сауда, құрылыс және ауылшаруашылығы саласындағы экономикалық қатынастардың дамуына зор әсер етеді. Сіз бен біз кез-келген уақытта жолаушы ретінде адам тасымалдау кәсіпорындарының қызметін пайдаланамыз. Осындай компаниялардың бірі - Көкшетаулық "Sun-line Group" ЖШС.

Кәіпорын жолаушылар тасымалдау қызметін көрсету мақсатында 2018 жылдың сәуір айында құрылды. Осы мақсатта көлік сатып алу қажет болды. «Sun-line Group» ЖШС «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» шеңберінде «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы 15 600 000 теңгені 6%-бен алды. «Даму» Қоры кепілдік жеткіліксіздігіне байланысты ісін жаңа бастаған кәсіпкерге несие сомасының 83% мөлшерінде кепілдік берді.

Мемлекеттік қолдаудың арқасында компания ҚР барлық бағыттары бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыру үшін екі бірдей Toyota Hiace көлігін сатып алды.

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
2996
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз