Колл-центр(Тегін қоңырау шалу):
1408+7 (800) 080 18 90

Жайлылық - сәттіліктің кепілі

Жайлылық - сәттіліктің кепілі

Қонақ үй бизнесі - әлемдегі ең танымал қызмет түрлерінің бірі. Қазір қонақ үйлер мегаполистер мен әр қала, ірі елді мекен инфрақұрылымының ажырамас элементі. Онда көбінесе іссапарға келген, саяхатшылар мен кәсіпкерлер секілді меймандар түседі.

Ақсай қаласы - Батыс Қазақстан облысының мұнай мен пайдалы қазбалар өндіретін негізгі орталықтарының бірі. Шетелдік және жергілікті компаниялардың көпшілігі осында шоғырланған. Яғни, қызметкерлер уақытша тұрақтайтын жайлы орын керек. Осы сұранысқа байланысты кәсіпкер Ирина Прокудина өзінің ойын-сауық орталығы жанынан қонақ үй кешенін салуды ұйғарды.

Иринаның жобасын «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында «ForteBank» АҚ 14%-бен қаржыландырды. Оның 7%-ын «Даму» қоры субсидиялады. Қазір бұл жерде спортзал, кір жуатын орын, спа, конференц-зал, мейрамхана және балалар ойын-сауық орталығы бар заманауи қонақүй кешені тұр.

@altyn_shatyr

Г.Аксай, ул.Дружба-Народов, д.6/1

Т.8 777 859 29 82

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
1314
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз