Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Жыл кәсіпкерінен алты кеңес

Жыл кәсіпкерінен алты кеңес

Тәжірибелі кәсіпкер, «Neibart» бренд киімдер желісінің авторы, «Жыл кәсіпкері 2015» байқауының лауреаты, Caspian Fashion Week халықаралық көрмелерінің қатысушысы, «Atyrau Fashion Day» дизайн көрсету жобасының тең ұйымдастырушысы, «Ұлттық өнім» республикалық көрмесінің қатысушысы Ирина Нейбартпен таныс болыңыздар.

«Тігу, қолөнерді бала кезімнен сүйіп, анама осы істе үнемі қолқанат едім. Кейіннен квилингпен әуестенген кезде кабинет-студия ашып, балаларды осы іске баулыдым. Мамандығым бойынша математика пәнінің мұғалімі болғанмен, осы салада өз бизнесімді ашу идеясы мені «Даму» қорына алып келді. Даму Қорының «Жаңа бизнес ашуды қолдау» жобасы бойынша оқып, жобамды табысты қорғап, «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында банктен несие алдым. Содан кейін әйелдер колониясының аумағында шағын өндіріс, тігін цехын ашып, онда тігілген киімдер Атырау қаласындағы сауда үйлерінің бірінде сатыла бастады. 2017 жылы «Жарқыра» байқауында жеңіп, қаржы алып, қалада ателье аштым», - дейді ол.

Бүгінде Ирина әлеуметтік кәсіпкер. Әйелдер колониясында жазасын өтеп жүрген әйелдермен жұмыс істейді. Оларға тігу, кестелеу үйретеді. Жобаның әлеуметтік бағыты бойынша босап шыққан әйелдер қаладағы Иринаның ательесінде жұмысқа орналаса алады. Сондай-ақ, өмірде қиын жағдайға ұшыраған әйелдермен де жұмыс істейді. Әлеуметтік бейімделмеген әйелдерді оқыту орталығын ашу да жоспарында бар.

Кәсіпкер арудан алты кеңес:

·        72 сағат ережесін пайдаланыңыз!

·        Ешқашан өз өнімдеріңізді өзіндік құнынан төмен бағаға немесе аз үстемемен сатпаңыз.

·        Апта, ай, жылдарға жоспар құруға әдеттеніңіз

·        Түске дейін күрделі мәселелерді шешіңіз, ұсақ-түйектерін түстен кейінге қалдырыңыз.

·        Жаныңызға жайлы жұмысты табыңыз. Сонда сізге бір күн де жұмыс істеудің қажеті               болмайды.

·        Есімхат үнемі жаныңызда жүрсін.

 Мекен жайы: Атырау қаласы, «Sun Town» ТК, 6 блок

Дереккөз:
Қарап шыққандар саны:
3145
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз