Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:
Қашықтықтан оқыту системасы

Дубайда тұтастай 3D-принтерде басылған кеңсе таныстырылды

26.05.2016 11:33:12
Дубайда тұтастай 3D-принтерде басылған кеңсе таныстырылды

Дубайда әлемде алғаш рет тұтастай 3D-принтерде басылған кеңсе таныстырылды.

Оны жасауға бар болғаны 17 күн кеткен. Құрастырып, барлық коммуникация қызметтерін қосуға және жиһаздарды орнатуға тағы 2 күн жұмсалды. Ерекше үйдің бағасы 170 мың доллар. Ғимаратты құрастыруға «Уинсан» қытайлық фирмасы атсалысты. Өнертапқыштар мұнымен шектелмек емес. Дубай билеушісі Мохаммед ибн Рашид әл-Мактумның жарлығы бойынша 2030 жылға қарай әмірліктегі барлық үйлердің 25%-ы 3D-принтерде басылу қажет.

Саиф Әл Алили, Dubai Future Foundation ұйымының басшысы:
- 3D-принтерде басылған бұл ғимараттың басқаларынан айырмашылығы – ол пайдалануға толық дайын. Мұнда көлемді баспа технологиялары мен электр тоғы, су құбыры, кондиционерлер сияқты кеңселерге арналған стандартты талаптар үйлесім тапқан. Бұл үйді дәстүрлі әдіспен салынған ғимараттардан айырмашылығын ескерсек, біз жұмысшыларға төленетін ақшаның 70%-ын үнемдеген болып шығамыз.

Түйін сөздер: 3D-принтер, кеңсе
Дереккөз: 24.kz
Қарап шыққандар саны:
2195
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз
Оған қоса мыналарды да қараңыз

Ұқсас жаңалықтар табылмады.