Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Еуроодақтың әрбір төртінші қала тұрғынының тұрмысы төмен деңгейге түсті

31.05.2016 11:43:58
Еуроодақтың әрбір төртінші қала тұрғынының тұрмысы төмен деңгейге түсті

Еуропа одағында қала тұрғындарының ширек бөлігі кедейлік немесе әлеуметтік оқшаулауға ұшырауы мүмкін. Мұндай мәліметтерді дүйсенбі күні ЕО-ның «Еуростат» статистикалық қызметі таратты.

«2014 жылы ЕО-да 50 миллионға жуық (немесе қала тұрғындарының 24,4 пайызы) қала тұрғыны кедейлік немесе әлеуметтік оқшаулауға ұшырай жаздады», - деп хабарлады «Еуростаттан».

ЕО-ға мүше бес мемлекетте тұрғындардың шамамен үштен бір бөлігі тұрмысы төмен деңгейге түсті: Грекияда (34,1 пайыз), Болгарияда (30,0 пайыз), Бельгияда (28,6 пайыз), Австрия және Румынияда (28,3 пайыздан).

Кедейлікке ұшырауы мүмкін елдердің қатарында, сондай-ақ Чехия (13,9 пайыз), Словакия (15,0 пайыз), Люксембург (16,1 пайыз) және Финляндия (16,6 пайыз) бар.

Кедейлік бойынша мәліметтерді қала және ауылдық аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ерекшеліктер, сондай-ақ аймақтар арасындағы ерекшеліктер қамтып отыр. Кедейлік көбіне ауылдық жерлерде немесе шағын қалаларда тұратын отбасыларда кездеседі. Үлкен қалалардың тұрғындары кедейлікке аз деңгейде ұшырайды.

Түйін сөздер: Әлем, Еуроодақ
Дереккөз: kazinform.kz
Қарап шыққандар саны:
1761
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз
Оған қоса мыналарды да қараңыз

Ұқсас жаңалықтар табылмады.

Мұрағат жаңалықтар
Кеңінен таралған жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Жақындағы оқиғалар