Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:
Қашықтықтан оқыту системасы

Грекияға 10,3 млрд еуро көлемінде екінші транш беріледі

26.05.2016 11:35:19
Грекияға 10,3 млрд еуро көлемінде екінші транш беріледі

Грекияға макроқаржылық көмектің екінші траншы берілетін болды.

Мұндай келісім еуроаймақтың Брюссельде өткен қаржы министрлері кеңесінің кездесуінде жасалған. 10,3 млрд еуро бірнеше кезең бойынша аударылмақ. Оның 7,5 млрд еуросы маусым айының екінші жартысында бөлінеді. Әрі қарай ақшалай жәрдемді алу үшін Грекия халықаралық бағдарламаның барлық талаптарын, оның ішінде жекешелендіру мен энергетикалық нарықты реформалау бойынша міндеттемелерді орындауы тиіс. Айта кетейік, өткен жылдың қыркүйегі мен желтоқсан айларының аралығында берілген алғашқы транш 21 млрд еуроны құраған еді.

Пьер Московиси, Экономикалық және қаржылық мәселелер, салық салу және кедендік одақ бойынша еурокомиссар:
- 10,3 млрд еуро Грекияның қазіргі қаржылық сұраныстарына толық көлемде жауап береді. Бұл – грек тарабының үлкен ерік-жігерінің арқасында қол жеткізілген жақсы шешім. Экономиканы реформалаудың маңызды шаралары қабылданды.

Түйін сөздер: Грекия, көмек
Дереккөз: 24.kz
Қарап шыққандар саны:
1850
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз
Оған қоса мыналарды да қараңыз

Ұқсас жаңалықтар табылмады.

Мұрағат жаңалықтар
Кеңінен таралған жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар