Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Қытайда Apple-нің тапсырысын орындаушы 60 мың жұмыскерін құлтемірмен алмастырды

26.05.2016 11:44:43
Қытайда Apple-нің тапсырысын орындаушы 60 мың жұмыскерін құлтемірмен алмастырды

Apple-нің тапсырысын орындайтын Hon Hai компаниясы  сәрсенбіде 60 мың қызметкерін  өндірістік құлтемірлермен алмастырды. Бұл алдағы уақытта шығыстарды азайтып, өнімдердің,  ең алдымен, Apple өнімдері шығарылымын арттыру үшін жасалған қадам.

Құлтемірлерге алмастыру жүргізілген Куньшандағы зауыттың жұмыскерлер саны 110 мыңды құрайтын, қазір  50 мыңы қалды. Телеарнаның мәліметі бойынша, Қытайдың аталған провинциясында орналасқан  600-ге жуық жоғары технологиялық фирмалар да осындай қадамға бармақшы. Өткен жылы  олар  51 млн ноутбук пен 20 млн-ға жуық смартфон шығарған.

Құлтемірдің құны  жұмыскердің еңбекақысынан әлдеқайда жоғары, алайда ол өзін-өзі ақтайды, өйткені автоматты механизм өте аз шығынды талап етеді,  деп жазады ТАСС.
«Фри картобын жасап сағатына 15 доллар табатын әрі өнімділігі де төмен жұмысшы ұстағанша, 35 мың долларға манипулятор-қол сатып алған арзан», – деп түсіндірді McDonald's компаниясының бұрынғы басшысы Эдвард Ренси.

1976 жылы құрылған Apple iPhone смартфондары,  iPad планшеттері мен iPod музыкалық плеерлерін, iMac ноутбуктері мен үстел компьюьтерлерін шығарады. Ол әлемдегі ең ірі корпорациялардың бірі. Нарықтық капиталы 530 млрд доллардан асады.

Дереккөз: bnews.kz
Қарап шыққандар саны:
2698
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз
Оған қоса мыналарды да қараңыз

Ұқсас жаңалықтар табылмады.

Мұрағат жаңалықтар
Кеңінен таралған жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Жақындағы оқиғалар