Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

2018 жылдан бастап Қазақстанда сотталғандар үшін электрондық білезіктерді өндіруді бастайды

28.09.2017 13:32:52
2018 жылдан бастап Қазақстанда сотталғандар  үшін электрондық білезіктерді өндіруді бастайды

"Алдымен біз жай сатып алғымыз келген. Кейін бұл бюджетке салмақ түсіретінін білдік. Әрине, бізге Түркия, Ресейде, Израильде жасалған браслеттерді сатып алуға болатын еді. Израильдің браслетін сатып алуға бізге ұсыныс жасалды. Ол сатып алынады, бізге беріледі. Бірақ оларға кім қызмет көрсетеді? Браслеттерді кімдер тағады? Оны қалай істеу керек? ",- деді министр.
Ол, 2 жыл бұрын ІІМ электронды білезіктер жүйесін енгізу үшін ақша бөлгенін, бірақ ол қаржының жұмсалмағанын атап өтті.
Министрдің айтуынша, Талғарда сотталғандарды қадағалайтын электронды білезіктер жасайтын кәсіпорын ашылады.
"Кейін біз жаңа бағдарлама бойынша жұмыс істедік. Қазіргі таңда Талғарда зауыт салынды, ондағы құрал-жабдықтар Жапониянікі, аталған бағдарлама сараптамадан өтіп жатыр.Ол жұмысын бастаған соң, ендігі жылдан бастап, жекеменшік әріптестік негізінде олар бізге браслеттерді береді, оны біз қолданамыз. Жалға алғанымыз үшін ақысын төлейміз. Менің ойымша бұл бюджет үшін үнемді", - деп түсіндірді ол.
"Ал Израильдің браслетін сатып алсақ, ол істен шықса үнемі оларға хабарласамыз. Ал бұл жағдайда өндіруші де жақын, әрі өнімге де тиісті қызмет көрсете алады. Сондықтан осы жолды таңдадық, бюджет үшін үнемді", - деді министр.

Дереккөз: www.kursiv.kz
Қарап шыққандар саны:
1200
(Нет голосов)
Мәтінде қате табылған жағдайда, оны бөліп көрсетіңіз де «Ctrl + Enter» басыңыз
Оған қоса мыналарды да қараңыз

Ұқсас жаңалықтар табылмады.

Мұрағат жаңалықтар
Кеңінен таралған жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар